Авариялық жағдайлардағы жаттығу жұмыстары

2023 жылдың 13-наурыз күні «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ «Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі» ұранымен Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай ақпараттық – насихаттау іс-шараларын өткізу жоспары бойынша Ықтимал инфекцияның есептік аймағындағы авариялық жағдайлар мен инциденттер бойынша көрсеткіштік жаттығулар жұмыстары жүргізілді.
Авариялық жағдайда қандай әрекеттерге көшу керектігін алдын-ала түсіндіру бойынша жаттығулар ТЖ кезінде кез-келген адамның техникалық сауатты әрекет ету қабілетін қалыптастыру мақсатында жасалатын жаттығу болып саналады. Сондықтан Университеттің барлық қызметкерлері ТҚ инжинері С.Шариповтың қатысуымен авариялық дабыл қағылғанда авария кезіндегі және оған қарсы жаттығуларды жасап өз бойларынан өткізді.
Мұндай жаттығулар персоналдың технологиялық бұзушылық туралы ақпаратты дұрыс қабылдау және талдау қабілетін тексеріп қана қоймай, оған бағыт-бағдар беруде, кез-келген жағдайда және барынша қысқа уақытта жедел шешім қабылдап нақты іске көшу дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Осыған байланысты әрбір позиция бойынша аварияларды жою үшін пайдаланылатын құралдар, олардың саны мен орналасқан жері көрсетілді.
Қорытындылай келе, әрбір азамат авариялық жағдайдың алдын-алу және оны жою кезіндегі өздеріне міндетті саналатын іс-қимылдарды жасап бір тексерістен өтті.     

Поисковые слова: