22 наурыз – Наурыз мейрамы

Жаңалықтар!

2023 жылдың 15 наурыз күні С.Ж. Асфендияров атындағы Ғылыми кітапханасы «22 наурыз – Наурыз мейрамы»  атты көрмесін ұйымдастырды.
Бүкіл түркі халықтарының ұлық тойы – Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Мерекеге арналып жасалған көрме Наурыз тойының табиғатын, шығу төркінін, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орнын баяндап, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнері, ұлттық тағамы туралы насихатталған. Қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық киім, қолөнер, сауық-сайран, ұлттық ойын, қазақтың ұлттық тағамдары, қазақтың киіз үйі, баланы бесікке салу туралы журналға, газетке шыққан мақалаларды көре аласыздар. Ұлыстың ұлы күні, Наурыз көже, Әз наурыздың қадірі мен қасиетін оқи аласыздар.

Ғылыми кітапхананың
анықтама-библиография бөлімі