Жаңалықтар!
2023 жылдың мамыр айында, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасының №2 оқу залында «9 мамыр – ҰОС Жеңіс күні (1941-1945 ж.ж.)» арналған тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Ұлы Отан соғыс кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Жеңіс күні біздің халқымыздың жанқиярлық ерлігімен, ер жүректілік пен төзімділіктің және каһармандықтың белгісі. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына деген патриоттық сезімін дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Кеңес одағының Батыры атағын алған екі қазақтың қыздары, снайпер Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова.
Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы Хиуаз Қайырқызы Доспанова.
Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған ұшқыштар Талғат Бегельдинов, Леонид Беда, Сергей Луганский. Көрмеде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың үлесі, олардың батырлық ерліктері туралы басылымдар көріп, оқи аласыздар.