Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасы күні

Жаңалықтар!

2023 жылдың 17 мамыр айында Ғылыми кітапханада Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасына «Кафедра күні» өткізілді.  Кафедра күнін өткізудегі мақсат – білім беру және ғылыми үдерістерге көмек ретінде кітапханадағы ақпараттық ресурстар туралы оқытушыларды хабардар ету. KABIS және SIRIUS бағдарламаларының электронды каталогында әдебиеттерді іздеу мүмкіндіктері көрсетілді. Ғылыми кітапхана кафедра бойынша жаңа әдебиеттермен таныстырды, пәндерді кітаппен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Іс шараға кафедра оқытушылармен резиденттерде қатысты. Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасы бойынша пәндерінің әдебиеттер тізімі берілді. Кафедраның қызметкерлерін ақпаратпен алмасу және кітапхана мен кафедралардың өзара қарым-қатынасын нығайту мақсатында осындай кездесулерді өткізу қажеттілігін атап өтті. Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасына қатысты журналдарға жазылу мәселесі талқыланды. Кафедра күні Ғылыми кітапханада, №2 оқу ғимараты, № 330 кабинетте өтті.

 

Ғылыми кітапхананың

Анықтама-библиография бөлімі