31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Хабарландыру!

2023 жылдың 19 мамыр айында Ғылыми кітапхананың екінші қабатында №221 студенттер оқу залында, 31 мамыр –  Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым, өткенге тағзым»  атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін cаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және есте сақтау қасиетті парыз.

Көрмеде саяси қуғын-сүргін құрбандарының қайғылы тағдырын баяндайтын фотосуреттер, құжаттар, кітаптар, журналдар, газеттер жинақтары ұсынылған.

Кітап көрмесін көруге шақырамыз!

Поисковые слова: