Кардиология кафедра күні

Жаңалықтар!

2023 жылдың 21 сәуір айында Ғылыми кітапханада Кардиология кафедра күні өткізілді. Кафедра күнінің мақсаты: кафедралар мен кітапхана  арасындағы байланысты нығайту.
Кафедра оқытушылары университет кітапханасына келіп түскен жаңа, шет тіліндегі, қолданыстағы әдебиеттермен танысты. Кітапхана сайтында ұсынылған Ғылыми кітапхананың ақпараттық ресурстарға қолжетімділік және Sirius, КАБИС, виртуалды кітап көрмесі, медициналық журналдардың виртуалды көрмесімен танысты.
Кардиология кафедрасы бойынша пәндерінің әдебиеттер тізімі берілді.
Іс-шара барысында кітапхана мен кафедра арасындағы қарым-қатынас мәселелері, кітапхана қорындағы оқулықтарды, баспа басылымдарын, электронды оқулықтарды  таныстыру, кафедраларды кітаппен қамтамасыз ету туралы айтылды.
Кардиология кафедрасына қатысты журналдарға жазылу мәселесі талқыланды.
Кафедра күні Ғылыми кітапханада, №2 оқу ғимараты, № 330 кабинетте өтті.

Ғылыми кітапхананың Анықтама-библиография бөлімі