Қасым Қайсеновтің туғанына 105 жыл

Жаңалықтар!

2023 жылдың 17 сәуір айында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Ғылыми кітапханада Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан Қасым Қайсеновтің туғанына 105 жыл толуына орай   «Қазақтың қайсар ұлы Қасым батыр» атты көрме  ұйымдастырылды.

Мақсаты:  Қасым Қайсенов  шығармашылығы мен өмірімен таныстыру, ерлік істерін ұрпаққа үлгі ету, студенттерге отансүйгіштік, патриоттық тәрбие беру. Көрмеде партизан-жазушының өмір жолымен, келешек ұрпаққа аңыз болып кеткен қаһарлы күндердегі ерлігі мен қантөгіс жылдарындағы қарулас достары жайлы естеліктері, партизандық-жауынгерлік жылдарындағы көркем шежіресінің   ел ертеңі-жастар үшін патриоттық тәрбие берудегі  шығармалары, «Жау тылында», «Қасым Қайсенов» және газетке, журналға шыққан мақалаларын көре аласыздар.

Анықтама-библиография бөлімінің меңгерушісі Елеукенова Салтанат Ахмедуллақызы  көрмеге қызығушылық танытқан оқырмандарға кітап көрмесін таныстырды.

Көрмені Ғылыми кітапхананың екінші қабатындағы оқу залынан көре аласыздар.

Поисковые слова: