Халел Досмұхамедовтың туғанына 140 жыл

Жаңалықтар!

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Ғылыми кітапханада Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым, публицист Халел Досмұхамедовтың туғанына 140 жыл толуына орай ғалымның мұрасын насихаттау арқылы жастардың ғылымға қызығушылығын қалыптастыру мақсатында «Ұлт ғалымы Халел Досмұхамедұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмені кітапханашы Омарова Нұргүл Садвакасовна Халел Досмұхамедовтың қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген таңдамалы еңбектерін оқырмандар назарына ұсынды. «Әділгереев Халел. Өнегелі өмір», «Досмұхамедұлы Халел» және газетке, журналға шыққан мақалаларын көре аласыздар. Алаш қайраткерінің өмірі мен қызметі туралы, қазақ ғылымына сіңірген ұшан-теңіз еңбегі жайында мол мағлұмат берілген.

Анықтама-библиография бөлімінің меңгерушісі Елеукенова Салтанат Ахмедуллақызы  көрмеге қызығушылық танытқан оқырмандарға кітап көрмесін таныстырды.

Көрмені Ғылыми кітапхананың екінші қабатындағы оқу залынан көре аласыздар.  18.04.2023ж.

Поисковые слова: