Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ «Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі» ұранымен Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай ақпараттық – насихаттау іс-шараларын өткізу жоспары бойынша студенттер мен кітапхана қызметкерлері арасында «жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам», «мазасыз чемоданның мақсаты мен жиынтығы» атты үздік бейнероликке арналған байқауын жариялаған болатын.
2023 жылы 3-наурыз ТҚ инженері С. Шариповтың қатысуымен студенттер мен кітапхана қызметкерлері арасында жарияланған осы шара бойынша үздік бейнероликке арналған байқау жеңімпазы анықталды. Ең үздік бейнеролик жеңімпазы М.Биболова деп танылды.
Құттықтау соңында ұйымдастырушылар әр адамның өмірі қарапайым қадамдардан тұратындығын ескерте отырып, қандай да бір апаттық жағдайдың алдын-алу шараларын қамтамасыз етуді естен шығармау керектігі баса ескертілді.