Фтизиопульмонология кафедра күні

Жаңалықтар!

2023 жылдың 24 мамыр айында С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің  N2 оқу ғимаратында орналасқан ғылыми, кітапхананың N330 – кабинетінде «Фтизиопульмонология» кафедрасы үшін «Кафедра күні» ақпараттық іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: оқу үрдісінің ақпараттық-кітапханалық сапасын арттыру, университет кафедраларының оқытушыларын қолда бар ақпараттық ресурстар мен қызметтер туралы хабардар ету, сонымен қатар кітапхананың профессорлық-оқытушылар құрамымен өзара қарым-қатынасын нығайту.

«Кафедра күнінде» талқыланған негізгі мәселелер:

  • Ақпараттық қызметтер және толық мәтінді мәліметтер базасын толықтыру.
  • Кафедраның пәндері бойынша оқу әдебиеттерін пайдалануды талдау.
  • Талаптарға сәйкес кафедра пәндерін кітаппен қамтамасыз ету.
  • Фтизиопульмонология  кафедрасының оқу-әдістемелік құралдарының көрмесі.
  • Кафедра бойынша пәндерінің әдебиеттер тізімі берілді.

KABIS және SIRIUS бағдарламаларының электрондық каталогынан және электронды мәліметтер қорынан әдебиеттерді іздеу мүмкіндіктері көрсетілді.

Оқытушылар студенттерді қолжетімді оқыту үшін қазақ тіліндегі оқулықты цифрлауды ұсынды.

«Кафедра күнін» өткізу кітаппен қамтамасыз ету жағдайына сәйкес қорды қалыптастыруға, мазмұны бойынша ескірген әдебиеттерді есептен шығаруға, аз пайдаланылатын әдебиеттермен жұмысты жақсартуға, оқырмандардың кітапханадағы ресурстары мен қызметтеріне қызығушылығын арттыруға, ЖОО міндеттеріне сәйкес анықтамалық-ақпараттық жұмысты тұрақты түзетуге мүмкіндік береді.

 

                                                                                   Ғылыми кітапхананың анықтама-библиография бөлімі