Мағжан Жұмабаевтың туылғанына 130 жыл

2023 жылдың 13 маусым айында Ғылыми кітапхананың оқу залында – қазақ поэзиясының ірі өкілдерінің бірі, алаш қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Дана да дара тұлға – Мағжан Жұмабаев» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын жастарға меңгерту. Ақын шығармашылығына қызығушылықтарын ояту. Ақынның өлеңдерін өнеге ете отырып, жастарды  елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге баулу.
Мағжан Жұмабаев – поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс.
Ақын егемен еліміздің ертеңгі қызметін атқарар лайықты тұлғасы жастар екенін, олардан үлкен үміт күтіп, аманат сенім артатындығын «Мен жастарға сенемін» өлеңінде аңғартады. Студенттер ақынға арнап жасалынған кітап көрмесімен танысты.
Көрмеде Мағжан Жұмабаевтің өмірбаяны еңбектері, естелік материалдар жинақталған.

Ғылыми кітапхана

Анықтама-библиографиялық бөлім




Поисковые слова: