Жаңалықтар!

2023 жылдың 4 шілде айында Ғылыми кітапхананың оқу залында – Астана қаласының 25 жылдық мерейтойына орай «Еңсесі биік Елорда» атты тақырыптық көрме оқырмандарға ұсынылды.

Аталған шараның мақсаты – Елордамыздың 25 жыл ішінде даму жолдары мен тарихи кезеңдерін насихаттау арқылы Астананың абыройын асқақтату.

Осы рубрикалар бойынша жүйелі түрде көрмеде еліміздің бас қаласы Астананың түпкі тарихынан бастап қазіргі келбетін аша түсетін мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген мақалалар, кітаптар, фотосуреттер, өлең шумақтары қойылды.

 

                           Ғылыми кітапхана

Анықтама-библиографиялық бөлім