Кафедра күні

Жаңалықтар!

1 қараша 2022ж. С.Д Асфендияров атындағы Ғылыми кітапхананың анықтама-библиография бөлімі коммуникативтік дағдылар кафедра күнін өткізді, іс шарада кафедра қызметкерлері мемлекеттік, орыс және ағылшын
тіліндегі оқулықтармен танысты. Іс-шарада оқутушылармен мазмұны жөнінен ескірген әдебиеттерді кітапхана қорынан шығару мәселесі талқыланды. KABIS және SIRIUS бағдарламаларының электрондық каталогынан
және электронды мәліметтер қорынан әдебиеттерді іздеу мүмкіндіктері көрсетілді. Оқытушылар студенттерді қолжетімді оқыту үшін саны аз басылымдарды цифлауды ұсынды. Коммуникативтік дағдылар кафедрасының қызметкерлері Анықтама- библиография бөліміне алғыстарын білдіріп, сәттілік тіледі. Бұдан әрі да осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізіле беруін сұрап, ақпарат жинап, оқу жұмысының жақсара беруіне ниет білдірді.
Кафедра күні № 2 ғимаратында орналасқан Ғылыми кітапхананың №330 кабинетінде өткізілді.




Ғылыми кітапхананың
анықтама-библиография бөлімі