«Офтальмология кафедрасының күні»

Жаңалықтар!

26 мамыр 2022ж. ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасының №330 кабинетінде
«Офтальмология кафедрасының күні» ақпараттық іс-шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты: оқу жөнінде ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз ету сапасын арттыру, университет кафедраларының оқытушыларын ақпараттық ресурстар мен қызметтер туралы хабардар ету.
«Кафедра күнінде» талқыланған мәселелер:
– Ақпараттық қызмет көрсету.
– Кафедраның пәндері бойынша оқу әдебиеттерін пайдалануды талдау.
– Кафедраның пәндерін кітаппен қамтамасыз ету.
– Офтальмология кафедрасының оқу-әдістемелік құралдарының көрмесі.
KABIS және SIRIUS бағдарламаларының электрондық каталогынан және электронды мәліметтер қорынан әдебиеттерді іздеу мүмкіндіктері көрсетілді.
Мұғалімдер студенттерге қолжетімді болуы үшін шектеулі басылымдарды цифрландыруды ұсынды.

Ғылыми кітапхана
Анықтамалық-библиографиялық бөлім