Дөңгелек үстел: «Жемқорлық – әлеуметтік қасірет».

С.Ж. Асфедияров атындағы ҚазҰМУ-нің Ғылыми кітапханасының оқу залындағы «Парасат жолы – адалдық алаңы» бұрышында 2022 жылдың 1 сәуірінде сағат 12.00 де «Жемқорлық – әлеуметтік қасірет» атты дөңгелек үстел өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты: студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, себебі Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес.
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ комплаенс-офицер: Тельтаев Бауыржан Ержанович сыбайлас жемқорлыққа қарсы, университет саясатының бағыттары туралы, академия адалдығы туралы айтып берді.
Іс-шараға Қауіпсіздік бөлімі, Қоғамдық денсаулық кафедрасы және жалпы медицина мектебінің екінші курс студенттері 11-1,2 қазақ тобы қатысты.
Модератор Ғылыми кітапхана басшысы – Модовов Нурбол Алимбаевич алғашқы сөз кезегін бастап, студентерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесу және алдын алу мақсатын айттып өтті.
Іс-шарада оқытушылар тақырыпқа байланысты студенттерге ойларын айтып, сұрақтар қойды. Студенттер жемқорлық жайлы сұрақтарға жауап беріп, дөңгелек үстелде өз пікірлерін ортаға салды.
Дөңгелек үстелде қатысушылар, әлемнің басқа мемлекеттері мен Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес әдістерін талқылады.
Бұл іс-шара, қазіргі таңдағы жемқорлық проблемасын жастарға түсіндіре отырып, олардың ойларын түбегейлі өзгерту және онымен күресу жолдарын көрсетіп жастарға көмек көрсету.
Ғылыми кітапхана іс-шараның соңында студенттерге алғыс хат беріліп, өз ойын жеткізе білген студенттерге Шарманов Т.Ш. «Алматы декларациясы. Адамзатқа үндеу» кітабын сыйға берді.
Іс-шараға қатысқандар: Ғылыми кітапхана басшысы – Модовов Нурбол Алимбаевич, Анықтама-библиография бөлімінің қызметкерлері, кафедраның тәрбие жұмысына жауапты оқытушы, доцент Кусайынова Эльмира Избасаровна, кафедра оқытушысы, лектор Текманова Айнур Кумарбековна.