Жаңалықтар!

Жаңалықтар!

2022 жылдың 23 тамыз күні С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Ғылыми кітапханасының №2 оқу залында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Елімнің еркіндігі – Ата заңым» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге еліміздің тарихын, Қазақтың ата Заңдары –құжаттары, тәуелсіз Республикамыздың табыстары мен жетістіктері туралы кітаптар, газет, журналға шыққан мақалалар қойылған.
Заңның мықтылығы – адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттары – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Өйткені, біздің Ата Заңымыз – Қазақстан халқының саналы таңдауы, өркенді дамуымыздың кепілі.

Ғылыми кітапхана
Анықтама-библиографиялық бөлім