Жаңалықтар!

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Ғылыми кітапханасының Анықтама-библиография бөлімі, 2022 жылы ұлтымыздың Ұлы ұстазы, қазақ ағартушысы, мемлекет қайраткері, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері және саяси публицист, реформатор, Алаш партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың (1872-1937) туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлт көсемі» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырды. Көрмеге білім, мәдениет, адамгершілік және рухани дамуға шақырған ұлы қайраткердің еңбектері, Алаш арыстары туралы кітаптар, газет, журналға шыққан мақалалары ұсынылады.

Ғылыми кітапхананың
Анықтама-библиография бөлімі