Жаңалықтар!

2022 жылы 4 тамыз күні С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Ғылыми кітапханасы Кеңес Одағының екі мәрте батыры атанған Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған «Қазақтың текті қыраны – Талғат Бигелдинов» атты көрме ұйымдастырды.
Көрмеге Қазақстан авиациясының генерал-майоры Талғат Бигелдиновтің суреттері, өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері, ол туралы әдебиеттер мен естеліктер жасаған ерліктері туралы материалдар қойылды.
Кітап көрмесінің мақсаты – оқырмандарды Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлікпен және ұшқыштың ортақ Жеңіске қосқан үлесімен таныстыру, сондай-ақ өскелең ұрпақты патриоттық сезімге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.