«Балалар біздің болашағымыз»

Жаңалықтар!

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға жаңа жылдық Жолдауында 2022 жылды балалар жылы деп жариялады.
27 мамыр 2022 ж. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасының анықтамалық-библиографиялық бөлімі жыл сайын 1 маусымда атап өтілетін балаларды қорғау күніне арналған «Балалар біздің болашағымыз» тақырыбында көрме ұйымдастырды.
Көрменің басты мақсаты: балаларымызда адамгершілік және ішкі руханиятты тәрбиелеу.
Балаларды қорғау күні – бұл өте маңызды мереке, өйткені ол ересектерге балалардың өмірге, пікір бостандығына, білім алуға және демалуға құқықтарын сақтау қажеттігін еске салады. Біз балаларға дені сау және бақытты болуды тілейміз.