«Тарихтан тағылым, өткенге тағзым»

Жаңалықтар!

ҚР Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі № 3443 Жарлығына сәйкес, Қазақстанда жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі.
Аталған оқиға 2022 жылдың 20 мамырында С.Ж. Асфендияровтың ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасының Анықтамалық-библиографиялық бөлімі №2 оқу залында «Тарихтан тағылым, өткенге тағзым» тақырыбына көрме ұйымдастырылды, онда саяси қуғын-сүргін құрбандарының қайғылы тағдырлары туралы ақпараттық-тарихи мазмұндағы әдебиеттер мен мерзімді басылымдар ұсынылды.
Көрменің басты мақсаты: ойшыл, жоғары адамгершілік қасиеттері бар тұлғаларды тәрбиелеу, азаматтық және патриоттық бағытты қалыптастыру. Халқымыздың тарихи өткенін құрметтеуге тәрбиелеу.