Жаңалықтар!

 

2022 жылдың қыркүйек айында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ғылыми кітапханада – көркем әдебиет абонементінде (4 қабатта), қазақ әдебиетінің классигі, қазақ халқының сөз өнерінің, көркем прозасының асқар шыңы, жазушы-драматург, әдебиет зерттеушісі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 125 жылдығына арналған «Әлем таныған Әуезов» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның еңбектері, мақалалары мен ол туралы әдебиеттер қойылған.
Кітап көрмесінің мақсаты – қазақтың ұлы жазушысының өмірі мен шығармашылық қызметін таныстыру.
Көрмеде «Абай жолы» роман-эпопеясын, кітапта оның қолтаңбасы мен Мұхтар Әуезовтің басқа да шығармаларын көруге болады.

Ғылыми кітапхана
Анықтамалық-библиографиялық бөлім