2021 жылдың 13-17 қыркүйегі аралығында С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Ғылыми кітапханасы Жалпы медицина мектебімен бірлесіп 6В10107 – «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенттеріне Эпиграф баспасының «Электронды білім беру ресурстары» тақырыбында онлайн -вебинарлар өткізді, осы вебинарда мультимедиялық оқулықтар мен Анимациялық базалар көрсетілді.
Ақпараттық ескерту: «Эпиграф» электронды кітапханасы – Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына арналған 3 мыңнан астам оқулықтар мен оқу -әдістемелік құралдардың жинағын ұсынады. Ұсынылған басылымдардың көпшілігі бестселлер болып табылады. Оқулықтар жинағы толық түсті иллюстрациялармен 700 мың беттен тұрады және жыл сайын 500-ден 800 атауға дейінгі жаңа кітаптармен толықтырылады. Оқулықтар мен оқу -әдістемелік құралдар қазақ тілінде, орыс және ағылшын тілдерінде де ұсынылған.
Қазіргі уақытта университет Эпиграф баспасының мультимедиялық оқулықтарына қол жеткізе алады.
Сонымен қатар студенттерге арналған вебинарда электронды ресурстармен жұмыс жасау кезінде қолданылатын процестер жүргізілді және көрсетілді, атап айтқанда: платформаға қалай тіркелу, кітапты жүктеу, бетбелгілер жасау және жеке кітапхана құру.
Есеп беру кезеңінде іс-шараға Жалпы медицина-1 мектебінің 440 студенті қатысты.
Ғылыми кітапхананың автоматтандыру және электронды ресурстар бөлімінің жоспарында университеттің басқа да мектептеріне семинарлар өткізу кіреді.