25 қазан Республика күні

2024  жылы қазанның 24 жұлдызында Ғылыми кітапхананың оқу залында  «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасы және Ғылыми кітапхана ұйымдастыруымен университет аясында Республика күніне арналған   «Көрікті Қазақстаным» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Ғылыми кітапхана «Көрікті Қазақстаным»   атты  кітап көрмесін ұйымдастырды.  Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік,  патриотизм мен  Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Жарлығымен, 25 қазан – Республика күні мемлекеттік мереке болып жарияланды. 2009 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына бұл күнді мерекелеуді алып тастау туралы өзгертулер енгізілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы маусымда Ұлттық Құрылтайдың отырысында мерекені қалпына келтіруді ұсынды.

Іс-шараға студенттер белсене қатысып, ел мерейін асқақтататын игі істердің тарихына шолу жасап өз пікірлерін білдірді. Топтың студенттері қызықты тақырыптармен баяндама жасады.

Ғылыми кітапхананың

         Анықтама-библиографиялық бөлім