ҚазҰМУ ғылыми кітапханасы студенттер мен оқытушылар үшін Scopus және ScienceDirect заманауи ғылыми дерекқорларына арналған қызықты офлайн вебинарды 2026 жылдың 23 сәуірі, сағат 15:00 ұйымдастырды.

Іс-шарада Informascope компаниясының Орталық Азия бойынша кеңесшісі Рабиға Хожамқұл ғылыми дерекқорлармен жұмыс істеудің негізгі аспектілерін, соның ішінде Scopus және ScienceDirect-ке шолу, ғылыми әдебиеттерді іздеу, негізгі көрсеткіштерді зерттеу, авторлардың профильдерін құру және басқару бойынша кеңестерді талқылады, сондай-ақ h-индексі мен процентиль ұғымдарын түсіндіріп, олардың ғылыми белсенділік пен жарияланым тиімділігін бағалаудағы маңыздылығын атап өтті.

Соңында, баяндамашы Рабиғаға қатысушыларға ғылыми дерекқорлар және олармен жұмыс істеу әдістері туралы көптеген пайдалы ақпарат берген қызықты және ақпараттық презентациясы үшін ерекше алғысымызды білдіргіміз келеді.