Ғылыми кітапхананың көрмелері

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының мұрасы – ұлттық медицинаның баға жетпес қазынасы

2026 жылғы 15 қыркүйекте С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының мұрасы және қазақ медицинасының бүгінгі келбеті» атты ғылыми-танымдық конференция өтті. Іс-шараны Фармация мектебі, «ALMATY MED-PHARM GROUP LTD» фармацевтикалық компаниясы, Өтейбойдақ Қазақ медицинасын дамыту қоры және Ғылыми кітапхана…
Read more

15 қыркүйек – Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күніне орай

2026 жылғы 14 қыркүйекте Халел Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде 15 қыркүйек – Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күніне орай «Эпидемиология және гигиена: цифрлық трансформация және жаңа шешімдер» тақырыбында танымдық іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің маңызын насихаттау, білім алушылардың кәсіби…
Read more

Камал Ормантаевтың ғылыми мұрасы

2026 жылғы 11 қыркүйекте С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да көрнекті дәрігер, ғалым және педагог, академик Камал Сәруарұлы Ормантаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған іс-шара өтті. Іс-шара аясында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасы Даңқ залының жанындағы фойеде «Ұрпаққа аманат: Камал Ормантаевтың…
Read more

«Ғасыр адамы – Олжас Сүлейменов» атты кітап көрмесі

2026 жылдың 18 мамырында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Ғылыми кітапханасында Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған «Ғасыр адамы – Олжас Сүлейменов» атты кітапкөрмесіұйымдастырылды. ОлжасСүлейменов-Қазақәдебиетіменмәдениетініңдамуынаелеуліүлес қосқан көрнектіақын,ойшыл,дипломатжәнеқоғамқайраткері.Оныңжұмысытереңфилософиялықойлармен,азаматтықрухпенжәнетілбайлығымен ерекшеленеді. Көрмедеақынның «Невада-Семей» халықаралықантиядролыққозғалысынақосқанүлесін қоса алғанда, оның шығармашылықжолыменқоғамдыққызметітуралыөлеңдержинағы,публицистикалықжәнеғылыми – зерттеуеңбектері,мақалалары,фотосуреттеріменматериалдары ұсынылды. Көрменіңмақсаты – ОлжасСүлейменовтіңшығармашылығыннасихаттау, жастардыңұлттықәдебиетпенруханиқұндылықтарға…
Read more

Көрме: «Ұлт музыкасының негізін қалаушы»

С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасының Ақпараттық-әдістемелік бөлімі көрнекті қазақ композиторы, дирижёр, музыкатанушы және қоғам қайраткері Ахмет Жұбановтың 120 жылдық  туған күніне арналған кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрменің мақсаты — оқырмандарды Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылық мұрасымен таныстыру, оның қазақ…
Read more

«Қайрат Рысқұлбековке – 60 жыл»

2026 жылғы 12 наурызда Ғылыми кітапхананың үшінші қабатындағы №330 кабинетінде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушысы, Қазақстанның Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің туғанына 60 жыл толуына орай –  «Ел үшін туған ер» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Қайрат Рысқұлбеков – ерлік пен қайсарлықтың, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің символы. Оның есімі Қазақстан тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасымен тығыз байланысты. Сол күндері қазақстандық жастар әділдік пен ұлттық намысты қорғап, өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетті. Қайраттың тағдыры ел тәуелсіздігі мен бостандығы жолындағы күрестің жарқын белгісіне айналды. «Дүниеде шындық пен әділдіктен күшті ештеңе жоқ»…
Read more

Әлихан Бөкейханның өмірі мен қызметіне арналған кітап көрмесі

2026 жылдың _5 Наурыз күні Ғылыми кітапханада, ғылыми оқу залында «Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов – 160 жыл» тақырыбында қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне арналған тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Ұлтына, жұртына қызмет…
Read more

«Әлем таныған Әуезов» атты кітап көрмесі

2026 жылдың 17 ақпанында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасының №418 оқу залында (4-қабат) қазақ әдебиетінің классигі, көркем прозаның асқар шыңы, жазушы-драматург және әдебиет зерттеушісі Мұхтар Омарханұлы Әуезовке арналған «Әлем таныған Әуезов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мазмұны: Экспозицияға Мұхтар…
Read more

«Қазақстан – табиғат пен тарих үндестігі»

2026 жылдың 24 ақпанында «Қазақстан – табиғат пен тарих үндестігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Көрменің басты мақсаты – Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен рухани құндылықтарын насихаттайтын кітаптарды оқырман қауымға таныстыру. Көрмеге қойылған әрбір еңбек еліміздің өткені мен бүгінін тереңірек…
Read more

«Дана тұлға – Дінмұхамед Қонаев»

2026 жылдың 24 ақпанында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Ғылыми кітапханасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа арналған «Дана тұлға – Дінмұхамед Қонаев» атты кітап көрмесін көре аласыздар. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – еліміздің ХХ ғасырдағы тарихында айрықша із қалдырған,…
Read more