Жаңалықтар!

2021 жылдың 30 қарашасында Педиатрия мектебі ғылыми кітапханамен бірлесіп ұйымдастырып, Педиатрия мектебінің 1 курс білімалушылары арасында «Жемқорлық індет – күресу міндет» тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізді.
Мақсаты: студенттерді адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру және өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Интеллектуалды сайыс 3 кезеңді қамтыды:
І кезең: ұяшықтарда жасырылған сұрақтарға жауап беру
ІІ кезең: берілген жағдаятты есептердің мағынасын ашып, талдап беру
ІІІ кезең: тақырыпқа байланысты дайындап әкелген постерлерін қорғау
Әділ қазы алқалары:
1. Тулетаев Б.С.- комплаенс-офицер
2. Байтекова К.Ж.- медициналық құқық кафедрасының лекторы
3. Жамбулатова Г.А.- ғылыми кітапхана басшысының орынбасары
Интеллектуалды сайысты ең жоғары ұпаймен SANALY URPAQ командасы жеңіп алды. Жеңімпаздарды сыйлықтармен және дипломмен марапаттады.

Ғылыми кітапхананың
анықтамалық-библиографиялық бөлімі.