Жаңалықтар!

2021 жылдың 3 желтоқсан күні С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің «Т.Ш.Шарманов атындағы Даңқ залында» Х.Қ. Сәтбаеваның туылғанына 100 жылдығына арналған «Ғасырларды сусындатар асыл дария – Сәтбаева Ханиса Қанышқызының туылғанына 100 жыл» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Ұйымдастырушылар: Академик Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы – Алтаев Б.Е., Айтмұхамбетова Б.А., биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасы, ҚазҰМУ мұражайы.
Ғылыми кітапхана «Парасатты адам» тақырыбында көрме ұйымдастырды. Көрмеде әкесі – Сәтбаев Қаныш Имантайұлының өмірбаяны. Сәтбаева Ханиса Қанышқызының оқулықтары, монографиясы, мақалалары, ғылыми еңбектері, отбасылық фотосуреттері ұсынылды.

Ғылыми кітапхананың
анықтамалық-библиографиялық бөлімі.