Кафедра күні

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасында 9 желтоқсан 2021ж. «Молекулалық биология және медициналық генетика» мамандарымен «Кафедра күні» өтті.
Іс-шарада жаңа әдебиеттер, сондай-ақ кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамының оқулықтары, шет тіліндегі әдебиеттер, электронды оқулықтар түсімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Кітапхана қызметкерлері мен кафедраның ПОҚ кітаппен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, оқу-іздестіру үдерісінде кітапхана сайтын пайдалану мүмкіндігі туралы ақпарат тандырылды. Кафедра қызметкерлерімен үнемі ақпарат алмасу қажеттілігі атап өтілді.
Кафедра күні Ғылыми кітапханада, №2 оқу ғимараты, №330 кабинетте өтті.

Ғылыми кітапхананың анықтама-библиография бөлімі