Кафедра күні

2021 жылдың 9 желтоқсан айында Ғылыми кітапханада «Инженерлік пәндер кафедрасы» күніне орай кешенді ақпараттық іс-шара өткізілді.
Кафедра күнін өткізудегі мақсат – білім беру және ғылыми үдерістерге көмек ретінде кітапханадағы ақпараттық ресурстар туралы оқытушыларды хабардар ету. Электронды каталог, мәліметтер базасы және электронды кітапхананың іздеу мүмкіндіктері көрсетілді. Кітапхана кафедра бойынша жаңа әдебиеттер, кафедра оқытушыларының әдебиеттері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорынан қазақ тіліне аударылған оқулықтар, жиі қолданатын әдебиеттермен таныстырды, кафедра оқытушылырын кітаппен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Кафедраның қызметкерлерін ақпаратпен алмасу және кітапхана мен кафедралардың өзара қарым-қатынасын нығайту мақсатында осындай кездесулерді өткізу қажеттілігін атап өтті.
Кафедра күні Ғылыми кітапханада, № 2 оқу ғимараты, № 330 кабинетте өтті.

Ғылыми кітапхананың анықтама-библиография бөлімі