Жаңалықтар!

2021 жылдың 14-15 желтоқсан күндері С. Ж. Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеде ұсынылған барлық материалдар: кітаптар, фотосуреттер, газеттер мен журналдардан алынған ақпарат Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы алдындағы қайғылы оқиғалар және желтоқсан оқиғаларына қатысқан адамдар туралы баяндайды. 1986 жылғы саяси оқиғалар Қазақстан халқының тағдырында бетбұрыс болды және Қазақстанның саяси және экономикалық жүйесін реформалауға ықпал етті.
Көрме Ғылыми кітапхананың 3-қабатының фойесінде орналасқан.

Ғылыми кітапхананың
Анықтама-библиография бөлімі