«Балалар стоматологиясы кафедрасы»

Жаңалықтар!

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасында 12 мамыр айында 2022ж. «Балалар стоматологиясы кафедрасы» мамандарымен «Кафедра күні» өтті.
Іс-шарада жаңа әдебиеттер, сондай-ақ кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамының оқулықтары, шет тіліндегі әдебиеттер, электронды оқулықтар көрмесі ұйымдастырылды.
Кітапхана қызметкерлері мен кафедраның ПОҚ кітаппен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, оқу-іздестіру үдерісінде кітапхана сайтын пайдалану мүмкіндігі туралы ақпаратпен таныстырылды.
Кафедра күні Ғылыми кітапханада, №2 оқу ғимараты, №330 кабинетте өтті.

Ғылыми кітапхананың
анықтама-библиография бөлімі