2024 жылдың 12 қараша айында С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің №2 оқу ғимаратында орналасқан ғылыми, кітапхананың №330 – кабинетінде «Балалар хирургия» кафедрасы үшін «Кафедра күні» ақпараттық іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: оқу үрдісінің ақпараттық-кітапханалық сапасын арттыру, университет кафедраларының оқытушыларын қолда бар ақпараттық ресурстар мен қызметтер туралы хабардар ету, сонымен қатар кітапхананың профессорлық-оқытушылар құрамымен өзара қарым-қатынасын нығайту.

«Кафедра күнінде» талқыланған негізгі мәселелер:

  • Ақпараттық қызметтер және толық мәтінді мәліметтер базасын толықтыру.
  • Кафедраның пәндері бойынша оқу әдебиеттерін пайдалануды талдау.
  • Талаптарға сәйкес кафедра пәндерін кітаппен қамтамасыз ету.
  • Балалар хирургия  кафедрасының оқу-әдістемелік құралдарының көрмесі.
  • Кафедра бойынша пәндерінің әдебиеттер тізімі берілді.

SIRIUS бағдарлама арқылы электрондық каталогынан және электронды мәліметтер қорынан әдебиеттерді іздеу мүмкіндіктері көрсетілді.

Оқытушылар студенттерді қолжетімді оқыту үшін қазақ және орыс тіліндегі оқулықтарды цифрлауды ұсынды.

 

                                                                                   Ғылыми кітапхананың анықтама-библиография бөлімі