31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31 мамыр – Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасында «Қасіретке толы жылдар» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, олардың тағдырын кейінгі ұрпаққа таныстыру. Қасіретті жылдар кезеңінде қазақ халқы да қатал мемлекеттік саясаттың құрбанына айналды. Миллиондаған алаш азаматтары мен ұлт зиялылары қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз жапа шекті.

 

Ғылыми кітапхана
Ақпараттық-әдістемелік бөлім