2023 жылдың  қараша айының 22 жұлдызында сағат 11.00-де Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде АИТВ-жұқпасы курсы бар эпидемиология кафедрасы, Ғылыми кітапхана  және Қоғамдық денсаулық сақтау  3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен ҚазҰМУ-ң «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»  атты іс шара өтті.

Жаңалықтар!

2023 жылдың  қараша айының 22 жұлдызында сағат 11.00-де Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде АИТВ-жұқпасы курсы бар эпидемиология кафедрасы, Ғылыми кітапхана  және Қоғамдық денсаулық сақтау  3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен ҚазҰМУ-ң «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»  атты іс шара өтті.

Іс-шараның мақсаты: Университет студенттерін Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Осы іс шараға  тәрбие бөлімінің қызметкерлері  Балакан Г., Махсутова А., «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің тәрбие жөніндегі декан орынбасары Мухамеджанова Ж.М., «Қоғамдық денсаулық» кафедрасының лекторы Құсайынова Э.И., эпидемиология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты (Бейсенбинова Ж.Б., Алекешева Л.Ж., Изекенова А.К., Темирбаева Л.Ж., Абирова А.Ж.) Қатысушылар кез келген қоғамның қозғаушы күші – өсіп келе жатқан жас буын екенін және еліміздің ертеңі, тәуелсіз жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында екенін айтып, осы жастардың Қазақстанның жарқын болашағының қалыптасуына өз үлестерін қосатынына кәміл сенетіндіктерін білдірді.

Университеттің Ғылыми кітапханасының анықтама-библиография бөлімнің меңгерушісі Елеукенова Салтанат Ахмедуллаевна және кітапханашы Омарова Нургуль Садвакасовна «Тәуелсіздік – ең қымбат қазынамыз» атты арнайы кітап көрмесін ұсынды.

Осы іс шараны ұйымдастырып және белсенді ат салысқан Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 3 курс студенті Жақсылық Иман мен талантты да, дарынды жастар өз өнерлерін көрсетіп мерекелік іс-шараны шарықтатып, асқақтатып және барлық қатысушыларды бір серпілтіп тастады.

Болашақта жастарға білім берумен қатар, олардың бойындағы табиғи таланттар мен қабілеттерін ашып, еліміздің болашағы жолында аянбай еңбек ететін талапшыл тұлғалардың қатарын көбейту басты назарда.

Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы жастарымыздың қолында!