2023 жылдың 26 қазан айында С.Ж. Асфендияров атындағы  ҚазҰМУ-нің № 4 оқу ғимараты, № 216 кабинетте м.ғ.к., доценті Қаныбеков Асан Қаныбекұлының «Размышления о профессии врача» монография кітабының тұсау кесері өтті.

 Жаңалықтар!                                  

 

2023 жылдың 26 қазан айында С.Ж. Асфендияров атындағы
ҚазҰМУ-нің № 4 оқу ғимараты, № 216 кабинетте м.ғ.к., доценті Қаныбеков Асан Қаныбекұлының «Размышления о профессии врача» монография кітабының тұсау кесері өтті.

Асан Қаныбекұлы – жарты ғасырдан бері болашақ дәрігерлерге дәріс оқып, мамандықтың қыр-сырын бірнеше буынға сіңіріп келе жатқан ұлағатты ұстаз. Бүгінде ардагер-ұстаз әлі де өз білімі мен білігін, өмірден түйгенін шәкірттеріне үйретіп келеді. Ол болашақ дәрігерлерге осы бір күрделі мамандықтың иесі болу үшін жай ғана оқу, мамандықты игеру аздық ететінін түсіндіріп, дәрігердің бойында қандай қасиеттер болу керектігін сөзімен де, ісімен де көрсетуден жалықпайды. Өйткені, ол бір кездері өзі де студент болды, жас дәрігер атанды. Кемеліне келіп, ұстаздыққа жеткенше дәрігерлік мамандықтың ыстығын да, суығын көргендігін айтып кетті.

Ғылыми кітапхананың анықтама-библиография бөлімі «Медицина майталманы» атты көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге Асан Қаныбекұлының оқулықтары және оқу-әдістемелік құралдарын, ғылыми еңбектері қойылды.

 

Кездесудың ұйымдастырушылары: Әлеуметтік-тәрбие жұмыстар департаменті, Тәрбие жұмысы бөлімі, Жалпы хирургия және топографиялық анатомия кафедрасы.

Поисковые слова: