Неврология кафедра күні

Жаңалықтар!

2022 жылғы 8 қарашада С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасында, (каб. № 330), «Нефрология» кафедрасының күніне арналған анықтамалық-ақпараттық іс-шара өтті. Кафедра тақырыбы бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі оқулықтар, оқу-әдістемелік көрме ұсынылды. Кафедраның ПОҚ кітапхана қорында бар нефрология бойынша оқулықтармен танысты. Іс-шараға қатысушыларға КАБИС және SIRIUS бағдарламаларының электрондық каталогы және электрондық деректер базасы бойынша әдебиеттерді іздеу мүмкіндіктері көрсетілді. Сондай-ақ, мерзімді басылымдар, атап айтқанда «Нефрология» журналы ұсынылды, 2023 жылға осы басылымға жазылу бойынша кітапхана қызметкерлері түсіндірме ақпарат берді. «Нефрология» кафедрасының ПОҚ іс-шарасының қорытындысы бойынша ақпарат алмасу және білім беру процесін жақсарту үшін өзара іс-қимылды нығайту мақсатында осындай кездесулер өткізудің маңызды қажеттілігі атап өтілді.

 

                                                                                          Ғылыми кітапхананың

Анықтама-библиография бөлімі