Жеңіс күніне арналған кітап көрмесі

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Ғылыми кітапханасында 9 мамыр – Жеңіс күніне орай ата-бабаларымыздың ерен ерлігін мәңгі есте сақтау және рухтарына тағзым ету мақсатында «Ұрпаққа ұран болғанҰлы Жеңіс» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімдерін ұлықтау, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан тарихындағы қаһармандық ерліктерге құрметпен қарауға баулу.

Кітап көрмесінде сұрапыл соғыс жылдарында елін қорғап, болашақ ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған қазақ батырларының ерлігін баяндайтын кітапхана қорындағы тарихи және көркем әдебиеттер, газет-журнал материалдары ұсынылған.

Көрмені Ғылыми кітапхананың №330 оқу залында (3-қабат)