ҚазҰМУ-да «Тәуелділіксіз болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 17 сәуірде ҚазҰМУ ғылыми кітапханасында студенттер арасында зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған маңызды жиын ұйымдастырылды. Іс-шара БҰҰ-ның «Сапалы денсаулық және әл-ауқат» (ЦУР 3) бағыты аясында өткізілді.

Негізгі баяндамалар мен талқылаулар:

Жиын барысында қатысушылар тәуелділіктің медициналық және әлеуметтік зардаптарын талқылады:

  • Токсикомания қаупі: Б. Аяғанов жасөспірімдер арасындағы өткір мәселенің бірі – желім иіскеудің зияны туралы баяндады.
  • Есірткіге қарсы күрес: ОЗ23-001 тобының студенттері (А. Оразалы,             А. Алимгазина, С. Хасенғали) есірткінің қоғамға төндіретін қаупін ашып көрсетті.
  • Ғылыми көзқарас: PhD докторант М.Д. Дихан алкоголизмнің денсаулыққа әсері туралы терең талдау жасады.

Студент Б. Байдалин зиянды әдеттерден арылу жолдары бойынша белсенді пікір білдіріп, нақты ұсыныстар айтты.

«Таңдау – сенің қолыңда» дөңгелек үстел аясында плакаттар сайысы ұйымдастырылып, келесі топтар үздік деп танылды:

«Есірткісіз өмір» – МПД23-001к

«Алкоголь – үнсіз жау» – Мед23-001к

«Таңдау – сенің қолыңда» – Пед23-002к

Барлық қатысушылар креативті жұмыстары үшін естелік сыйлықтармен марапатталды.

Кітап көрмесі: Ғылыми кітапхананың ақпараттық-әдістемелік бөлімінің  қызметкерлері С.А. Елеукенова мен К.А. Гисанованың бастамасымен «Салауатты өміржарық болашақ» атты арнайы көрме ұйымдастырылды.

Түйін: Бұл шара болашақ дәрігерлердің салауатты өмір салтын насихаттаудағы жауапкершілігін арттырып, зиянды заттарға қарсы иммунитет қалыптастыруға септігін тигізді.