Жамбыл Жабаевтың туғанына – 180 жыл

2026 жылдың 5 ақпанында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 3-қабатында орналасқан ғылыми оқу залында Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Жыр алыбы Жамбыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – көрермендерге танымдық мағлұмат беру ғана емес, сонымен қатар студенттерді отансүйгіштікке, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Көрме оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, қазақ әдебиетін кеңінен насихаттауға бағытталған.
Шығармалары 44 тілге аударылған, жыраулық дәстүрді сақтап, дамытқан ұлы ақынның мерейтойы – халқымыздың рухани мұрасын дәріптеуге арналған маңызды мәдени оқиға.
Жамбыл Жабаев өзінің өмірлік серігі – домбыра туралы «Өтеген батыр» жырында:
«Сия сауыт, қаламсыз,
Ой қозғаған домбыра,
Дәптер, кітап, қағазсыз
Сөз қозғаған домбыра» – деп жырлаған.
Кітап көрмесінде ақынның поэтикалық жинақтары, таңдаулы шығармалары, өмір жолы мен шығармашылық мұрасын танытатын ғылыми-танымдық еңбектер ұсынылды.
📚 Барша студенттер мен оқытушыларды рухани әлемге саяхат жасап, кітап көрмесіне қатысуға шақырамыз!

Ғылыми кітапхананың
Ақпараттық-әдістемелік бөлімі